
2025 жылдың 18 наурызында, Көкшетау қаласындағыфизика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалында «Білім берудегі 1000 көшбасшы» бағдарламасы аясында республикалық кадрлар резервіне енген педагогтармен дөңгелек үстел өтті.
Білім саласындағы өзгерістерге қозғаушы күш болатын тиімді менеджмент мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, білім сапасын арттыру бойынша маңызды міндеттер қойылып, алдағы уақыттағы жетістіктер үшін маңызды қадамдар жасалды!
Әрбір айтылған сөз бен қабылданған шешім — бұл біздің біліміміздің дамуына және әрбір оқушының білім жолындағы қолдауы.