2025 жылғы 16-18 наурыз аралығында«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Ақмола облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының базасында 9-11 сынып оқушылары арасында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.
Олимпиада қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен:
- Слямбек Алтай -IQanat High school of Burabay мектебінің 9-сынып оқушысы;
- Дюсек Назым -Ерейментау ауданы Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
- Бейсенбай Алуа-Көкшетау қаласы Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы марапатталды.
ІІ-дәрежелі дипломмен:
- Айгөрген Еркенұр - Қосшы қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
- Муратова Жанель - Астана қаласының №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
- Омарбекова Мадина - Астрахан ауданы Жалтыр ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
- Кульчимбек Қарлығаш- Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;
- Алдоңғар Нұрай- Астрахан ауданы Астрахан ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Тоқсанбай Толғанай - IQanat High school of Burabay мектебінің 11-сынып оқушысы марапатталды.
ІІІ-дәрежелі дипломмен:
- Қадысқызы Меруерт - Бурабай ауданы Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
- Жартай Жаным - Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
- Арын Нұрсәуле - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;
- Сатыбалдина Раушан - Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;
- Рахимбекова Назигуль- Жақсы ауданы Запорожье ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
- Зейнулла Толғанай- Целиноград ауданы Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
- Сагынбаева Сымбат - Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Абдикулова Ақмаржан - Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Дулатова Альмира – Степногорск қаласының Сәкен Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы марапатталды.
Грамотамен марапатталғандар:
- Бахытбекқызы Фариза - Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
- Қайрат Қарақат - Қосшы қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
- Каппасова Мөлдір - Бұланды ауданы Макинск қаласының мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.
Құттықтаймыз!