Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылдың 14-16 наурыз күндері Алматы қаласындағы Шоқан Уалиханов атындағы жекеменшік мектеп алаңында «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасын өткізді.
Педагогикалық олимпиадаға еліміздің түкпір түкпірінен 160 тан астам жас маман қатысты.Онын ішінде 116 педагог, 20 педагог-психолог және 47 тәлімгер. Қазылар алқасы ЖОО-ның оқытушылары, мектептің алдыңғы қатарлы басшылары мен практик-педагогтерінен құралды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиада мазмұны кәсіби білім беру аясында педагог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі анықтау және өзіндік жетілу қабілетін, білім беру үрдісінде кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурс тапсырмаларын қарастырады.
«ТЕD форматында ұсынылған педагогикалық идея барысында мұғалімдер өздерінің негізгі жұмыс жүйесін, кәсіби құзыреттілік деңгейін, технологиялық және коммуникативтік мәдениетті, сабақтың эстетикасын, оқу үрдісін талдай білуді тәжірибелік түрде жүзеге асырды»,- деп толықтырды «Дарын» орталығының өкілдері.
Ақмола облысынан республикалық турға облыстық кезеңнің 8 жас педагог жеңімпазы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен:
ІІІ дәрежелі дипломмен тәлімгерлер:
Үш педагог ерекше жетістіктері үшін грамоталармен марапатталды:
Құттықтаймыз