2025 жылғы 14 наурызда Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ерекше білім беруді қажет ететін балалар қатысқан «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылығы байқауының облыстық іріктеу кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақстандық қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ету.
Байқау келесі 4 номинациялар бойынша өткізілді – вокал, хореография, аспаптық орындау, ым тілінде ән айту.
Байқауға Ақмола облысынан Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Буланды, Ерейментау, Есіл, Жақсы аудандары, Кокшетау, Степногорск қалалары және 3 арнайы білім беру ұйымынан 122 қатысушы өтінім берген. Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
«Вокал» номинациясы бойынша кіші жас тобы:
І орын – «Солнышко» тобы, Көкшетау қаласы, №1 арнайы мектеп - интернаты;
ІІ орын – Марат Асылай, Бұланды ауданы, Макинск қаласының Балалар музыка мектебі;
ІІ орын – Пасевич Никита, Көкшетау қаласы, Көкшетау қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі;
ІІІ орын –«Айналайын» квартеті, Атбасар ауданы, Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі;
ІІІ орын –«Амангельдиновы» дуэті, Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылы «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені;
ІІІ орын – Мадиярова Айтас, Атбасар қаласы, №2 арнайы мектеп - интернаты.
«Вокал» номинациясы бойынша ересек жас тобы:
І орын – «SAV» триосы, Аккөл ауданы, Ақкөл қаласының балалар - жасөспірімдер шығармашылық орталығы;
ІІ орын – Наполова Ксения, Астрахан ауданы, Астрахан ауылының балалар музыка мектебі;
ІІІ орын – «Жігіттер» триосы, Көкшетау қаласы, №1 арнайы мектеп - интернаты.
«Хореография» номинациясы бойынша кіші жас тобы:
І орын – «Шұғыла» вокалдық хореографиялық ұжымы, Көкшетау қаласы, №4 арнайы мектеп - интернаты;
ІІ орын – Акылбеков Амир, Көкшетау қаласы, Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейі;
ІІІ орын – Қарбай Сымбат, Қосшы қаласы, Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі;
ІІІ место - Андреев Тарас, Көкшетау қаласы, Көкшетау қаласының № 12 жалпы білім беретін мектебі.
«Хореография» номинациясы бойынша ересек жас тобы:
І орын – «Шұғыла» вокалдық хореографиялық ұжымы, Көкшетау қаласы, №4 арнайы мектеп - интернаты;
ІІ орын – «Непоседы» би ұжымы, Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылы «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені.
«Аспаптық орындау» номинациясы бойынша кіші жас тобы:
І орын –«Веселая компания» ансамбль, Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылы «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені;
ІІ орын – «Домисолька» шу оркестрі, Көкшетау қаласы, №1 арнайы мектеп - интернаты.
«Аспаптық орындау» номинациясы бойынша ересек жас тобы:
І орын –«Арт-ложки» ансамблі, Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылы «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені;
ІІ орын – «Жас ұрпақ» домбырашылар ансамблі, Көкшетау қаласы, №1 арнайы мектеп - интернаты;
ІІ орын – Баяхметова Адия, Атбасар ауданы, Атбасар қаласының №8 жалпы орта білім беретін мектебі;
ІІІ орын – «Домисолька» шу оркестрі, Көкшетау қаласы, №1 арнайы мектеп - интернаты;
ІІІ орын – Омар Алдияр, Атбасар ауданы, Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебі;
ІІІ орын – Черненко Василиса, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының балалар музыка мектебі.
«Әнді ыммен орындау» номинациясы бойынша ересек жас тобы:
І орын – Чурсина Арина, Турарбек Мухамеджан Көкшетау қаласы, №4 арнайы мектеп - интернаты;
ІІ орын – «Шұғыла» вокалдық хореографиялық ұжымы, Көкшетау қаласы, №4 арнайы мектеп – интернаты.
Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдар, грамоталарымен, жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады.