Ақмолалық оқушылар Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде үздік нәтижелер көрсетті

Ақмолалық оқушылар Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде үздік нәтижелер көрсетті

Ақтау қаласында 2025 жылғы 10-15 наурыз аралығында орта білім беру ұйымдары 9-11(12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы химия және информатика пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиада Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Маңғыстау облысының білім басқармасы және «Каспий дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы қолдауымен өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін көтеру.

Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде теориялық және практикалық кезеңнен тұрды.

Олимпиадаға 300-ден астам облыстық кезең жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты, оның ішінде химия пәні бойынша – 156, ал информатика пәні бойынша – 151 оқушы.

Ақмола облысынан 12 оқушы қатысты, химия пәні бойынша – 6 оқушы, информатика пәні бойынша  - 6 оқушы.

Біріншіліктің қорытындысы бойынша біздің сайыскерлер жүлдегерлердің үштігіне енді .

II-дәрежелі дипломдармен:

  1. Мұғжан Дінмұхаммед - Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, "Информатика" пәні бойынша;
  2. Абенов Чингиз - Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "Информатика" пәні бойынша;
  3. Қуанышбек Нұрислам - Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, "Информатика" пәні бойынша марапатталды.

IІI-дәрежелі дипломдармен:

  1. Шаймерден Нұрәлі - "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, "Информатика" пәні бойынша;
  2. Егінбай Ақерке - Щучинск қаласы, «Білім-инновация» IT лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, «Химия» пәні бойынша марапатталды.

Грамотамен «Информатика» пәні бойынша «Білім-инновация» лицей-интернатының 10(11)-сынып оқушысы Қуан Арсен марапатталды.

Құттықтаймыз !