Еріктілер қарт адамдарға көмек көрсетті

Еріктілер қарт адамдарға көмек көрсетті

Өткен демалыс күндері көп қар жауып өтті. Мұндай сәттерде аумақтарын өз бетінше тазарта алмайтын қарттар мен жалғызбасты адамдарға әсіресе қиын.

Софиевка ауылындағы жалпы орта білім беретін мектебінің «Жалын» еріктілер тобының оқушылары ауылдағы жалғызбасты зейнеткер қарияларға көмек көрсетті.

Жас еріктілер бірігіп зейнеткерлердің ауласының маңындағы қарды жинап, үйдің аумағын тазартты. Қарт адамдар өз ризашылықтарын білдіріп, балаларға тәттілер сыйлады.