Ақмолалық оқушылар ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңінде үздік нәтижелер көрсетті

Ақмолалық оқушылар ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңінде үздік нәтижелер көрсетті

2025 жылғы 25 - 28 ақпан аралығында Атырау қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды (республикалық) кезеңі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.

Ғылыми жобаларды қорғау бір бағыт, оның ішінде 6 секция бойынша өтті:

«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар», секциялар: тарих, өлкетану, тіл білімі, әдебиет, этномәдениеттану, адам және қоғам.

Республикалық кезеңге Ақмола облысынан 12 жобамен 13  оқушы қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша:

II дәрежелі дипломмен «Тіл білімі (ағылш.)» секциясы бойынша Жунусова Аружан - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы марапатталды.

IІI дәрежелі дипломмен:

1.«Әдебиет (қаз.)» секциясы бойынша Бегзан Зерде– Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;

2.«Әдебиет (қаз.)» секциясы бойынша Дүйсенбек Ақерке – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;

3.«Өлкетану» секциясы бойынша Кадралинова Амина – Щучинск қаласы "Білім-инновация" IT лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

4.«Тіл білімі (орыс.)» секциясы бойынша Сейсен Әлима - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы марапатталды.

Грамотамен:

1.«Адам және қоғам» секциясы бойынша Кустанбаев Куаныш– Бурабай ауданы, Баянбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

2.«Өлкетану» секциясы бойынша Естаева Мадина – Бурабай ауданы, Щучинск қаласының № 6 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы марапатталды.

Құттықтаймыз!!!