Студенттер арасындағы облыстық пікірсайыс турнирінде Үздік спикер анықталды

Студенттер арасындағы облыстық пікірсайыс турнирінде Үздік спикер анықталды

«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығы студент жастардың арасында облыстық пікірсайыс турнирін өткізді. Оған 21 команда, 42 колледж студенті қатысты.

Іс-шара қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыруға, дебаттық қозғалысын дамытуға және қолдауға бағытталған.

Төрешілердің қорытынды шешімі  негізінде пікір – сайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды.

Қазақ лигасында:

1 орын – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғарғы қазақ педагогикалық колледжінің «Авангард» тобы;

2 орын – Бурабай ауданы, Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжінің «Сана серпіні» тобы;

3 орын – Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы Жоғары мәдениет колледжінің «Ақиқат алауы» тобы.

Орыс лигасы бойынша:

1 орын – Бурабай ауданы, Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжінің «Алаш Прайд» тобы;

2 орын – Көкшетау қаласы гуманитарлық – техникалық колледжінің «Тұлпар» тобы;

3 орын – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің «Students X» тобы.

«Ең мақсаты айқын ойыншылар» номинациясына: қазақ лигасында «Асыл сөз» тобы - Бурабай ауданы, Щучинск қаласы Жоғары техникалық колледжі; орыс лигасында «Герой» тобы - Астрахан ауданы, Астрахан ауылы Агробизнес және сервис колледжі иеленді.

«Үздік спикер» номинациясына: қазақ лигасында Бурабай ауданы, Щучинск қаласы Жоғары педагогикалық колледжі «Сана серпіні» тобының спикері - Қазыбай Аружан, ал орыс лигасында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің «Students X»  тобының спикері  - Ликерова Виктория иеленді.

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталды. Жеңімпаздардың  жетекшілеріне  алғыс хаттар, қатысушыларға сертификаттар табысталды.