23-24 желтоқсан күндері Ақмола облысының аудандарынан арнайы іріктелген педагог-психологтар үшін бірінші Психологиялық хакатон өтті. Іс-шара Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Жас дәурен» балалар сауықтыру лагері» КММ базасында ұйымдастырылды .
Хакатонның мақсаты — мектептердегі психологиялық мәселелерді, атап айтқанда, буллинг, кибербуллинг, эмоциялық қиындықтар мен қақтығыстарды шешудің жаңа тәсілдерін әзірлеу. Қатысушылар жасөспірімдер мен білім беру ортасының ерекшеліктерін ескере отырып, осы мәселелерді алдын алу және шешудің тиімді әдістерін ұсынды.
Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары, креативті идеялары мен мектеп психологиялық қолдауын дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз!