Ақмолалық оқушылар қысқы каникулын қалай өткізеді?

Ақмолалық оқушылар қысқы каникулын қалай өткізеді?

Білім басқармасымен 2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 08 қаңтарға дейін өтетін «Қазақстан балалары - қысқы ертегі» оқушылардың қысқы каникулдары бойынша облыстық іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспарда «Біртұтас тәрбие» құндылықтары негізінде тәрбие жұмысының 6 бағыты ескерілді.

Демалыс кезеңіндегі іс-шаралар туралы ақпарат әр мектептің ақпараттық стендтерінде, білім беру ұйымының интернет-сайттарында орналастырылады.

1-4 қаңтардан бастап мектептің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінде жаңа жылдық құттықтаулар, онлайн-шеберханалар мен онлайн-қойылымдар ұйымдастырылады.

3-8 қаңтар аралығында «Жас дәурен» жыл бойы жұмыс істейтін лагердің базасында мектепішілік және ішкі істер органдарының есебінде тұрған балалар үшін тақырыптық ауысым ұйымдастырылады. Ауысым құқық бұзушылықтың алдын алу және салауатты өмірлік дағдыларды қалыптастыру үшін өтеді. Оған 6-10 сыныптардың 40 оқушысы қатысады.

Демалыс кезінде облыстың барлық мектептерде оқушылармен «Қысқы қиял», «Қысқы вернисаж», «Қысқы арт-челленджі», «Суретшілер шығармашылығындағы қыс», «Ертегіде қонақта», квест ойындары, конкурс, турнир, зияткерлік ойындар өткізіледі.

5-30 қаңтар аралығында облыстың барлық білім беру ұйымдары бойынша «Шаңғы шақырады!» облыстық шаңғы фестивалі өтеді.

Штаттық форматта 21 мыңнан астам баланы қамтитын 47 қосымша білім беру ұйымы өз қызметін жалғастырады. Мектептер жанындағы үйірмелер мен секциялар да өз қызметін кесте бойынша жалғастырады.

Мектеп демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі мәселесі бақылауда.