Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес алғаш рет «Үздік педагог-ассистент» облыстық байқауы өткізілді.
Байқау дарынды педагог-ассистенттерді анықтау және қолдау, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен үздік жұмыс тәжірибесін тарату үшін ұйымдастырылған.
Конкурсқа қатысу жұмыс тәжірибесінен бейнежазба, портфолио және презентация дайындауды көздеді.
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
I орын - Көкшетау қаласының № 4 ЖОББМ педагог-ассистенті Римма Қайыржанова;
II орын - Көкшетау қаласының № 4 ЖОББМ– нің педагог-ассистенттері Вашкарин Владимир және Таханова Айгуль;
III орын – Көкшетау қ. № 4 ЖОББМ педагог-ассистенті Асемгуль Қасымова;
Бурабай ауданы Щучинск қ. № 10 мектеп-интернатының педагог-ассистенті Нина Иванова.
Жеңімпаз бен жүлдегерлерді кәсіби жетістіктерімен құттықтаймыз!
Конкурсқа қатысу ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту әдістерін одан әрі дамыту және жетілдіру үшін ынталандыруы болды.