Оқушылар мен студенттер арасында волонтёрлықты дамытуға бағытталған «Қамқор» жобасының «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында
Целиноград ауданының Софиевка жалпы білім беретін орта мектеп “Жалын” волонтёрлер ұйымы жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсетіп қыс кезіндегі қарды тазалауға көмектесті. Қолдарына күрек алған оқушылар ауланы қардан тазалап, үйге көмір мен отынды кіргізді.
Атап айтсақ, ағымдағы жылдың қысқы кезеңінде облыстың 11400 жоғары сынып оқушылары жалғыз тұратын адамдарға қолдан келгенше көмек көрсетеді. 47 зейнеткерге мектеп оқушылары аулаларды қардан тазартып, 29 зейнеткерге отын дайындауға және аумақты тазалауға көмектесті.