Ақмола облысының орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының алғашқы әскери және технологиялық дайындығының педагогтары мен оқытушы-ұйымдастырушылары арасында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің үздік педагогі-2024» облыстық кәсіби шеберлік байқауы аяқталды.
Іс-шара шығармашылықпен жұмыс істейтін талантты педагогтарды анықтауға, педагогикалық тәжірибені таратуға ықпал етеді.
Облыстық байқауға 31 педагог қатысты.
Төрешілер алқасы шешімінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
- I дәрежелі дипломмен және 100 мыңға ақшалай сертификатпен Көкшетау қаласының №3 облыстық мамандандырылған мектебінің педагогі Әсет Есенжолұлы Шоқаев марапатталды;
- II дәрежелі диплом және 70 мыңға ақшалай сертификатпен Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің педагогі Қалиев Қуаныш Ахметұлына марапатталды;
- III дәрежелі дипломмен және 50 мыңға ақшалай сертификатпен Красный Яр ауылының көпсалалы инновациялық колледжінің педагогі Алғадай Тағанұлы Битановқа марапатталды.
Сонымен қатар келесі бағыттар бойынша жеңімпаздар анықталды:
«Тест тапсырмаларын шешу»
1 орын - Жұманов Ренат Жанатұлы (Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледж);
2 орын - Сейтқасымов Ербол Асылбайұлы (Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі);
3 орын - Битанов Алғадай Тағанұлы (Красный Яр ауылының көпсалалы инновациялық колледжі).
«Бейне-ролик (бейне-презентация)» байқауы
1 орын - Қалиев Қуаныш Ахметұлы (Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі);
2 орын - Битанов Алғадай Тағанұлы (Красный Яр ауылының көпсалалы инновациялық колледжі);
3 орын - Сейтқасымов Ербол Асылбайұлы (Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі).
«АК-74 толық емес бөлшектеу және жинақтау»
1 орын - Қалиев Қуаныш Ахметұлы (Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі);
2 орын - Шоқаев Әсет Есенжолұлы (Көкшетау қаласының №3 облыстық мамандандырылған мектебі);
3 орын - Жабағин Тлектес Есенжолұлы (Зеренді ауданы).
«Тактикалық шартты белгілермен жұмыс»
1 орын - Сейтқасымов Ербол Асылбайұлы (Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі);
2 орын - Жұманов Ренат Жанатұлы (Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледж);
3 орын - Шоқаев Әсет Есенжолұлы (Көкшетау қаласының №3 облыстық мамандандырылған мектебі).
«Пневматикалық винтовкадан ату»
1 орын - Заичко Анатолий Анатольевич (Шортанды ауданы);
2 орын - Шоқаев Әсет Есенжолұлы (Көкшетау қаласының №3 облыстық мамандандырылған мектебі);
3 орын - Жабағин Тлектес Есенжолұлы (Зеренді ауданы).
«Оқжатарды жарақтандыру»
1 орын - Шоқаев Әсет Есенжолұлы (Көкшетау қаласының №3 облыстық мамандандырылған мектебі);
2 орын - Коструб Сергей Александрович (Щучинск қаласының Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі);
3 орын - Бабаев Максим Владимирович (Көкшетау қаласының жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжі).
«Жалпы әскери қорғаныс жиынтығын комбинезон түрінде кию»
1 орын - Қалиев Қуаныш Ахметұлы (Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі);
2 орын - Битанов Алғадай Тағанұлы (Красный Яр ауылының көпсалалы инновациялық колледжі);
3 орын - Әбішев Бақытжан Кенжебайұлы (Көкшетау қаласының «Арна» колледжі).