Облыстық жарыстарда үздік волейбол командасы анықталды

Облыстық жарыстарда үздік волейбол командасы анықталды

Зеренді ауылында "Жастар" спартакиадасының бағдарламасында қыздар арасында волейболдан жарыс өтті. Жарысқа Ақмола облысының орта білім беру ұйымдарының 8 командасы қатысты.

Іс-шара оқушыларды жүйелі дене шынықтыру сабақтарына тартуға, волейболдан мықты командаларды анықтауға ықпал етеді.

Спорттық іс-шара Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп «Есірткіге қарсы спорт» ұранымен өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

I орын-Көкшетау қ. №14 ЖОББМ

II орын-Қорғалжын ауданының мектеп-гимназиясы

III орын-Целиноград ауданының Талапкер ауылының ЖОББМ

Сонымен қатар номинация бойынша марапатталды:

Үздік блокатор-Нагорнова Вероника Степногорск қ. №7 ЖОББМ

Үздік либеро - Кожахметова Альмира Зеренді а. №1 ООШ ЖОББМ

Пайдалы ойыншы-Жұмаш Сабина Қосшы қ. мектеп - гимназиясыясы

Үздік байланыстырушы - Мұхамбетқали Батима Талапкер а. ЖОББМ

Үздік шабуылшы-Вяткинина Милана Көкшетау қ. №14 ООШ ЖОББМ

Үздік ойыншы-Жүрсін Толғанай Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясы

Жүлдегерлер мен жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығының атынан кубоктармен, медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.