Ақмолалық оқушы лингвистика бойынша республикалық олимпиада жүлдегерлерінің үштігіне енді

Ақмолалық оқушы лингвистика бойынша республикалық олимпиада жүлдегерлерінің үштігіне енді

 8-11 сынып оқушыларына арналған Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ туры (республикалық) аяқталды.

Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру және тереңдету.

Олимпиадаға математика және тіл (қазақ, орыс және ағылшын) бойынша үздік білім алушылар, облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты. Олар:

  1. Қуан Арсен – Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
  2. Сейтбаттал Темірлан - Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Олимпиаданың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша Сейтбаттал Темірлан үздік нәтиже көрсетіп - 2 орынға иеленді.

Құттықтаймыз!!!