Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының үшінші кезеңінің (тестілеу) екінші айналымы 2024 жылғы 18-19 желтоқсан аралығында Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өтті.
Ғылыми байқаудың мақсаты-оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.
Тестілеуге жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде бірінші турдан сәтті өткен, жүлделі орындарға ие болған (І, ІІ, ІІІ) 94 оқушыдан - 94 оқушы қатысты.
Деңгейлер бойынша құрастырылған бейіндік пәндер бойынша 60 тест тапсырмасын қамтитын тестілеуді өткізуге 120 минут бөлінді:
1 деңгей – бағдарламаның оқу мақсаттарын қамтитын білім мен түсінуге арналған тапсырмалар;
2 деңгей – бағдарламаның оқу мақсаттарын қамтитын қолдану тапсырмалар;
3 деңгей – бағдарламаның оқу мақсаттарын қамтитын жоғары ойлау дағдыларына арналған тапсырмалар.
Тестілеу келесі секциялар бойынша 2 ағымда өтті:
1 ағын: адам және қоғам, биология, Жер және Ғарыш туралы ғылым, информатика, қолданбалы математика, математика, орыс әдебиеті, физика, химия, экономика. Қатысушылар саны – 48 оқушы.
2 ағын: қазақ әдебиеті, қазақ тілі қазақ мектебінде, қазақ тілі орыс мектебінде, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы, орыс тілі орыс мектебінде, орыс тілі қазақ мектебінде, өлкетану, тарих, техника, тіл білімі (ағылшын тілі), этномәдениеттану қазақ мектебінде, этномәдениеттану орыс мектебінде. Қатысушылар саны – 46 оқушы.