Ақмола студенттері көшеттерді есепке алу және қадағалау үшін қосымша жасады

Ақмола студенттері көшеттерді есепке алу және қадағалау үшін қосымша жасады

Студенттер Жантайқожа Алан және Фазилов Әділ «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші» мамандығы бойынша Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінде білім алады. Олар сайттар, мобильді жобаларды әзірлейді.

«Біздің соңғы жобаларымыздың бірі – Forest Tracker инновациялық мобильді қосымшасы. Бұл сіздің қалаңыздағы немесе аймағыңыздағы жасыл кеңістіктерді тиімді есепке алу және жан - жақты талдау үшін жасалған инновациялық CRM жүйесі. Бұл экологиялық мониторинг пен аумақтарды көгалдандыру үшін таптырмас құрал», - деп айтты студенттер. 

Отырғызылған ағаштарды қалай есепке алып қадағалайды?

«Орман алқаптарын дәл картаға түсіру үшін CRM жүйесі арқылы әрбір отырғызылған ағашты геобайланыстыру жүргізіледі. Бұл ретте жүйеде мерзімді жаңартулармен өсу, өмір сүру және денсаулық көрсеткіштерін қоса алғанда, көшеттердің жай-күйін қадағалау жүзеге асырылады. Ағаштардың өмір сүруінің жоғары пайызын қамтамасыз ету үшін күтім мен техникалық қызмет көрсетуді еске салу функциясы да қарастырылған», - деді жас өнертапқыштар.

Жобаны іске асыру барысында студенттер React, Tailwind, Nastja, PostgreSQL сияқты құралдарды пайдаланды.

Айта кетейік, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жастар форумында «Start PRO IT» инновациялық жобасын әзірлеушілерді Алан мен Адильді, Aqmola Power-2024 инновациялық идеялар мен жобалар байқауында 1-орынға ие болған үшін марапаттады.

Сонымен қатар, колледж студенттері KazTech, Hackathon Decentrathon 2.0, Aqmola Power сияқты түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.