Бүгін «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы студенттік өзін-өзі басқару органдары арасында «Студенттік бастама» жобаларының облыстық байқауын өткізді.
Іс-шара студенттердің адами және әлеуметтік капиталын дамытуға бағытталған жобаларды қолдауға ықпал етеді.
Байқауға Ақмола облысы колледждерінің 25 студенті қатысты.
Қазылар алқасы шешімінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын – Есипенко Татьяна - Зеренді ауданы, Шағалалы ауылы, Жоғары агротехникалық колледжі;
1 орын – Зборовская Дарья - Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі;
2 орын – Тяглов Данил - Есіл ауданы, Есіл қаласы, Агротехникалық колледжі;
2 орын – Хиз Иван - Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Агротехникалық колледжі;
2 орын – Котикова Сатимира, Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі;
3 орын – Данилова Елизавета - Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Аграрлық-индустриялық колледжі;
3 орын – Митрова Екатерина - Көкшетау қаласы, Құрылыс – технологиялық колледжі;
3 орын – Воронина Наталья - Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі;
3 орын – Кулахмет Асет - Көкшетау қаласы, Жоғары медициналық колледжі.
Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталады. Жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушыларға сертификаттар беріледі.