2024 жылғы 18 желтоқсанда Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің 90 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақстанның табысты индустриялық – техникалық дамуының кепілі – заманауи жастар» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Колледждің тарихы сонау 1934 жылы КСРО Ауыр Өнеркәсіп Халық Комиссариатының бұйрығымен тау-кен металлургия техникумының Степняк қаласындағы горпромобуча мектебінің негізінде құрылды. 1935 жылы Щучинск қаласына көшіріліп, кейін Щучье тау-кен металлургия техникумы деп аталды. Алғашқы мамандар 1938 жылы шығарылды – 21 техник-кенші және 24 техник-металлург.
«Бүгінгі таңда Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы жоғары техникалық колледж өңірдегі жетекші колледждердің бірі. Бурабай ауданының барлық колледж түлектерінің шамамен 40% - ы біздің оқу орнымыздың түлектері. Колледж 12 мамандық және 16 біліктілік бойынша даярлайды, білім алушылардың жалпы контингенті 944 адамды құрайды, оның ішінде 173 студент мемлекеттік тілде оқытатын топтарда кәсіптік білім алады, 398 дуальды оқытумен қамтылған және 168 - бұл студенттердің саны нысаналы оқыту шарты бойынша оқытылады», - деп бөлісті оқу орнының басшысы Әсел Ракымжан.
Бүгінгі салтанатты іс-шараға Көкшетау қаласы, Атбасар, Бурабай, Ақкөл, Сандықтау, Есіл, Аршалы, Зеренді аудандарының ТжКББ ұйымдарының студенттері мен педагогтері қатысты. Конференцияның мақсаты - заманауи техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің өзекті мәселелері бойынша тәжірибе және жаңа идеялармен алмасу, студенттердің көпшілік алдында сөз сөйлеу және зерттеу қызметінің нәтижелерін қорғау тәжірибесін меңгеру.
Конференцияның пленарлық бөлімінде колледждің 90 жылдық мерейтойымен құттықтап сөз алғандар: Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов, облыстық оқу әдістемелік орталығының ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы Сауле Сералина, «Азиякотломаш» ЖШС бас инженері Сергей Медведев, «Мозаика» Череватенко-кондитер цехы» ЖК бас кондитері Ирина Мельник, «Alem Travel» ЖШС HR-директоры Елена Барановская.
Облыстық оқу әдістемелік орталығының ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы Сауле Сералина Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жумадильдаеваның, «Тalap» КеАҚ Президенті Санжар Таттибековтың, Ақмола облысы білім басқармасы басшысы Айнагүл Балташеваның атынан ұжымға алғыс хаттарын табыстады.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша ұйымдастырылды:
1 секция. Педагогикалық шеберхана «ТжКББ оқытушыларының инженерлік-педагогикалық қызметіндегі инновациялар».
2 секция. «Студенттердің ғылыми әлеуетін дамыту - болашақ маманның бәсекеге қабілеттілігінің негізі».
Талқылау және пікір алмасу барысында конференцияға қатысушылар агрономия, экология, медицина, экономика, мәдениет, инженерия, заң ғылымдары, психология салаларындағы теориялық және практикалық сипаттағы ең өзекті мәселелерді талқылады.