Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» облыстық сырттай байқауын өткізді.
Іс-шара педагогикалық тәжірибені таратуға және кәсіби шығармашылыққа деген ынтасын дамытуға, бастауыш сыныптарда оқыту сапасын арттыруға ықпал етеді.
Байқауға Ақмола облысының жалпы орта білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Құзыретті қазылар алқасының шешімі бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
Бас жүлде – Кожаканова Куаныш Темиргалиевна ,Бұланды ауданы Никольское ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі;
I орын –Жазитова Гульфира Темирболатовна , Көкшетау қаласының № 22 жалпы орта білім беретін мектебі;
II орын –Киялбекова Шолпан Махаметкуловна , Қосшы қаласының Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі;
II орын – Каиржанова Салтанат Махмудовна, Сандықтау ауданы Мәдениет ауылының жалпы орта білім беретін мектебі;
III орын – Учкина Янина Михайловна, Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі;
III орын – Жекебатырова Рабига Турсуновна, Жақсы ауданы Жақсы ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі;
III орын – Бактыбаева Молдир Балгабаевна, Жақсы ауданы Жақсы ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі.
Құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!