Семинар-көрмеде жаңа білім беру ақпараттық технологиялары ұсынылды

Семинар-көрмеде жаңа білім беру ақпараттық технологиялары ұсынылды

«Цифрлық білім: заманауи мектепке арналған инновациялық технологиялар" заманауи білім беру ақпараттық технологияларының көрме-семинары 2024 жылғы 6 желтоқсанда балалар мен жасөспірімдерге арналған «Болашақ сарайы»-нда өтті.

Көрмеде білім беру сапасын арттырып және мектепте цифрлық құзыреттілікті дамытуға бағытталған инновациялық цифрлық шешімдер көрсетілді.

Қатысушылар озық білім беру платформаларымен, оқытуға арналған қосымшалармен және құралдармен танысып, шеберлік сыныптарына қатысты. Семинарда білім беру процесіне технологияларды енгізу бойынша табысты кейстер ұсынылды.

Іс-шара заманауи білім беру технологияларын насихаттауға, цифрлық құралдарды игеру арқылы педагогтердің кәсіби өсуіне жәрдемдесуге, білім беру процесіне цифрлық технологияларды интеграциялаудың үздік тәжірибелерімен алмасуға бағытталған.

Көрме аясында білім беру технологиялары саласындағы жетекші компаниялар өз шешімдерін ұсынды.

Бұл:

«I SANA» ЖШС-мектепке дейінгі білім беруге арналған интерактивті кешендер.

«Student Life» ЖШС-колледждерге арналған «Jastar life» мобильді қосымшасы.

«STEM Academia» ЖШС-Қазақстандағы оқу кабинеттерін жаңғырту және STEM бағытын дамыту.

«Bilimland» компаниясы – «Вilimkids» платформасы мен «Вilimclass» жүйесінің тұсаукесері.

«IVOX» ЖШС - IVOX интерактивті стендтерін көрсету.

«AmanSultan» ЖШС - дербестендірілген оқыту платформасы.

«Ұлас-Электрон» ЖШС-білім беру ұйымдарына арналған интерактивті панельдер

«Ability Lab» ЖШС-информатика сыныптарын жаңарту жобалары.

«TargetAI» ЖШС-бейнебақылау және бейнеаналитика платформасы.

«BeyimTech» ЖШС - жасанды интеллект негізінде дербестендірілген бейімделген оқыту платформалары – «Beyim.ai».

Сонымен қатар семинардың 2 бөлімі InterAktiV аумағында жас мұғалімдер өздерінің жұмысында жасанды интеллект инновацияларды пайдалану әдіс-тәсілдерін сахна төрінде көрсетті.

Мысалы, Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Әбілжанов Нұржан Ғалиұлы тәжірибесі мен жетістіктері, «Fibonacci International Robot Olympiad» халықаралық олимпиадасында жеңіске жету жолдарымен бөлісті.

Іс-шара соңында Ақмола педагогтары мен оқушылары, Италия мен Түркиядағы робототехника бойынша халықаралық чемпионаттардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Семинар-көрмеге білім беру бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері және цифрландыру жөніндегі әдіскерлер, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, Бурабай және Зеренді аудандарының, сондай-ақ Көкшетау қаласының колледждерінің директорлары қатысты.