Ақмола облысының жастар форумында білім беру саласының өкілдері марапатталды

Ақмола облысының жастар форумында білім беру саласының өкілдері марапатталды

Кеше Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің жаңа Студенттер сарайында Ақмола облысының озат жастары марапатталды. өтті. 

Жыл сайынғы «Жалынды Ақмола жастары» атты облыстық жастар форумы әр түрлі саладағы жас қызметкерлерді ғана емес, сонымен қатар беделді конкурстар мен кәсіби чемпионаттардың жеңімпаздарын біріктірді. «Адал азамат-Адал еңбек-Адал табыс» тұжырымдамасы жұмысшы мамандықтар жылы қарсаңында іс-шараның басты тақырыбына айналды.

Облыс әкімі өз сөзінде жас ұрпақ үшін адал еңбектің, азаматтық жауапкершілік пен әлеуметтік белсенділіктің маңыздылығын атап өтті.

«Әрқайсыларыңыз – өңіріміздің болашағысыздар. Біз сіздердің бастамаларыңызды, жобаларыңызды және идеяларыңызды қолдауға дайынбыз. Сіздер қоғамдағы оң өзгерістердің қозғаушы күші бола аласыздар», - деп атап өтті облыс әкімі.

Іс-шарада Ақмола облысының білім беру саласының бірқатар өкілдері марапатталды. Олардың арасында «Aqmola POWER» инновациялық жобалар байқауының, WorldSkills Kazakhstan - 2024 кәсіби шеберлік Ұлттық чемпионатының, «ECO AQMOLA» экологиялық идеялары мен жобаларының, еріктілер жобаларының жеңімпаздары бар. Сондай-ақ, «Тәуелсіздік ұрпақтары» сыйлығының номинанттарына марапаттар табысталды.