1-6 желтоқсан аралығында Астана қаласында алғашқы «Тең мүмкіндіктер» республикалық балалар инклюзиялық спорт фестивалі өтті. Еліміздің 16 өңірінен 200-ге жуық бала қатысты. Оның ішінде 66 ерекше қажеттілігі бар балалар. Олар жеңіл атлетикадан, боччадан және эстафетадан жарысты.
(Бочча – (латын сөзінен bottia – «доп») - паралимпиадалық спорт түрі. Боулинг пен петанкке жақын доп ойындарының жатады).
«Тең мүмкіндіктер» фестивалі «Amanat» партиясының әйелдер қанатының бастамасымен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Оқу-ағарту министрлігімен, қазақстандық бочча Федерациясымен, ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығымен, спортты дамыту дирекциясымен және Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Фестиваль ерекше қажеттілігі бар балалардың спортқа қызығушылығын арттыруды және олардың әлеуетін ашуды көздейді.
«Республикалық фестиваль маған жаңа достарды табуға, өзімді мықты сезінуге және жаңа спорт түрлерін игеруге көмектесті. Осындай іс-шаралардың арқасында біз бір-бірімізді қолдап, бәрімізді бірдей екенін түсінеміз. Менің әр жеңісім көп нәрсеге ынталандырады, жаттықтырушыларыма рахмет», - деді ықыласын білдірген №13 «ЭКОС» МГ 5-сынып оқушысы Умида Бектұрғанова.
Біздің құрама 5-6 және 7-8 сыныптарда «бочча» спорттық ойыны бойынша Ақмола облысының намысын қорғады. Балалар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 5-6 сыныптар санатында 2 орын, 7-8 сыныптар санатында 3 орын алды. Жас спортшыларды №13 МГ дене шынықтыру мұғалімдері Юлия Абдрашитова, Светлана Давыденко жаттықтырды.
«Ең бастысы, бұл жоба мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіруге көмектеседі. Сонымен бірге дені сау спортшыларды ерекше балалармен қарым-қатынас жасауға, оларды елемеуге, бәріне көмектесуге үйретеді. Командада біз өте жылы қарым-қатынас орнаттық, жолдастарымыз бізге жақында білгендеріне үйретеді. Менің ойымша, бұл балалардың қалыпты өмірге бейімделуінде үлкен рөл атқарады», - деп атап өтті №13 «ЭКОС» МГ 8-сынып оқушысы Виктор Савостеенко.