Ақмолалық педагогтері үздік эссе жазуда бақ сынасты

Ақмолалық педагогтері үздік эссе жазуда бақ сынасты

Көкшетау қаласы «Арна»  жоғары колледжінде Ақмола облысы колледждерінің педагогтері арасында «Үздік педагогикалық эссе» облыстық байқауы өтті.

 Іс-шара педагогтердің кәсіби дағдыларын дамытуға және біліктілігін арттыруға ықпал етеді.

Шығармашылық байқауға 23 талантты оқытушылар қатысты, олар өз идеяларымен бөлісуге, өз ойларын білдіруге мүмкіндік алды.

Қазылар алқасы шешімінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

І орын – Рахым Арайлым Қайргелдіқызы – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы;

ІІ орын – Рахымжанова Баян Каиржанкызы – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің арнайы пәндерінің оқытушысы;

ІІІ орын – Тюлебаева  Оксана  Сергеевна – Көкшетау қаласы, Құрылыс-технологиялық колледжінің география және тарих пәндерінің оқытушысы.

Сонымен қатар бірнеше педагог номинациялармен марапатталды:

«Үздік эссе стилі» 

– Жуманова Рена Клышевна – Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің арнайы пәндерінің оқытушысы;

– Федоров Андрей Владимирович – Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжінің  тарих пәнінің оқытушысы;

«Ойлаудың түпнұсқалығы»

– Калкишев Назар Галыбекович – Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы;

«Көзайым сыйлығы»

– Таминдарова Диляра Рифкатовна – Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінің информатика пәнінің оқытушысы.

Жеңімпаздар мен номинанттар дипломдармен марапатталды. Барлық конкурсанттар қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.

Өңірлік турдың жүлдегері Рахым Арайлым Қайргелдіқызы Өскемен қаласында (ШҚО) конкурстың республикалық кезеңінде Ақмола облысының намысын қорғайтынболады.

Нақтылап айтсақ, педагогикалық қызмет-бұл үнемі алға жылжу, жетілдіруге ұмтылу. Конкурстарға қатысу педагогтерге кәсіби құзыреттілігін арттыруға, өз тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік береді.