«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 8-11 сынып оқушылары үшін Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың 2 турын (облыстық) өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтауға, дамытуға және қолдауға, қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіруге және тереңдетуге бағытталған.
Облыстық кезеңге математика және тілдер (қазақ, орыс және ағылшын) бойынша жақсы меңгерген 6 ауданнан, Қосшы, Көкшетау қалалары және 4 мамандандырылған мектеп-интернаттарынан барлығы 24 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша:
І-дәрежелі дипломмен - Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Қуан Арсен;
ІІ-дәрежелі дипломмен - Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Сейтбаттал Темірлан марапатталды.
Облыстық кезеңнің жүлдегерлері 2024 жылғы 17 желтоқсанда өтетін үшінші турда (республикалық) Ақмола облысының намысын қорғайды.