«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, сөздік қорларын молайтып, қазақ тілінің әдеби тілінде сөйлеуге үйрету арқылы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Көкшетау қаласының «Нұр бала» бөбекжайында «Мультстудия» жұмыс жасайды.
Мультстудия-бұл мультимедиялық және техникалық құралдарды қолданатын заманауи технология, оның негізінде бала мен ересек адамның жаңа өнім – «мультфильм» жасау жөніндегі бірлескен қызметі жатыр.
Балабақша меңгерушісі Алданыш Айжарықованың айтуынша, анимация - балалардың сүйікті жанрларының бірі.
«Біздің балаларымыздың әртүрлі техникаларда (пластилин, қағаз, көлемді анимация және т.б.) қысқа метражды мультфильмдер жасауға ынтасы зор»,- деп қосты балабақша меңгерушісі.
Балалар мультфильмін құру процесін келесі кезеңдер түрінде қысқаша ұсынуға болады:
«Мультстудиядағы жұмыс әр түрлі әрекеттерді қамтиды: сурет салу, әдеби шығармашылық, модельдеу, аппликация және мультфильмдерді түсіру, дауыстау және монтаждау. Бұл ретте тілдік практиканы белсенді қолдана отырып, бала өзінің кейіпкері арқылы қазақ тілінде сөйлеуін дамытады, өзінің мультфильмін қазақ тілінде дыбыстайды. Қазақ халық ертегілерінің кейіпкерлерімен танысу баланың сөздік қорын байытады, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстырады. Мультстудияда оқи отырып, балалар өздерінің ертегілерін жасайды, кейіпкерлері олардың көз алдында өмірге келіп қана қоймай, ана тілінде сөйлей бастайды»,- деп атап өтті Алданыш Жиенбекқызы.
Мекеме тәрбиеленушілерімен «Алдар Көсе», «Баурсақ», «Қасқыр және жеті лақ» және т. б. мультфильмдердер жасалды.
Сондай-ақ, балалардың музыка тыңдауға деген қызығушылығын қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттыру, жұмыста шығармашылық дағдыларды қалыптастыру үшін мультстудияда ұлы қазақ композиторларының күйлерін үнемі тыңдайды, мультфильмдердің қойылымында күйлерді пайдаланады.