Ақмола облысында мектеп директорлары арасында пікірсайыс турнирінің үздік спикері анықталды

Ақмола облысында мектеп директорлары  арасында пікірсайыс турнирінің үздік спикері анықталды

Көкшетау қаласында әл-Фараби  атындағы IT лицейде «Білімді ұлт-жарқын болашаққа бағдар»  IV облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Оған Ақмола облысының білім беру ұйымдары басшыларының ішінен 9 команда қатысты.

«Білім беру ұйымдарының басшылары бір-бірімен шешендіктерін көрсетіп, өз ойларын, идеялары мен көзқарастарын дәлелдей білумен жарысты.Төрешілікке облыстың танымал пікірсайысшылары мен республикалық турнирлердің жүлдегерлері шақырылды»,-деді әдістемелік орталығының әдіскері Сауле Тулемисова.

Бағалау нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

I орынды Көкшетау қаласының командасы иеленді: Жылқыбай Нариман Малғаждарұлы  Көкшетау қаласының №12 жалпы білім беретін мектебінің директоры, Ахметбеков Тлеукен Тайбагарович,  Красный яр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры;

II орынды Бурабай  ауданының командасы иеленді: Абжанов Руслан  Маратович,  Наурызбай батыр атындағы негізгі орта мектебінің директоры, Алтынбек Дағыстан,  Ұрымқай жалпы орта білім беретін мектебінің директоры

III орынды Қосшы қаласының командасы иеленді: Аскарова Дидар Аскаровна, Қосшы қаласының мектеп гимназиясының директоры, Шахметов Нуркен Нуржанович, Қосшы қаласының  IT мектеп – лицейінің директоры.

«Үздік спикер» номинациясында - Алтынбек Дағыстан, Бурабай ауданының Ұрымқай жалпы орта білім беретін мектебінің директоры атап өтілді.

«Үздік төреші» номинациясында - Қуаныш Мирас Ерденұлы, Көкшетау қаласының  №11  мектеп-гимназиясынын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  анықталды.

Турнирдің жеңімпаздары мен үздік спикерлері Ақмола облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен,  сертификаттармен және грамоталарымен марапатталды.     

Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары республикалық пікірсайыс турнирінде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.