«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығы 2024 жылғы 13-15 қараша күндер аралығында Сандықтау ауылының «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінде мектеп оқушылары арасындағы облыстық пікір - сайыс турнирін өткізді.
Іс-шара Қазақстандық қауымда орын алатын өзекті мәселелерді қоғамдық талдау және талқылау арқылы облыс шәкірттерінің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттырып, нақты мәселелерді шешу жолдары мен механизмдерін қарастыруға ықпал етеді.
Турнирге Ақмола облысы бойынша 15 ауданнан Степногорск, Көкшетау, Қосшы қалаларынан және облыстық мектеп-интернаттарынан 38 команда - 117 оқушы қатысты.
Төрешілердің қорытынды шешімі негізінде пікір – сайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды.
Қазақ лигасында:
1 орын – Ерейментау ауданы, «Оратор» тобы;
2 орын – Қосшы қаласы, «Iq.app» тобы;
3 орын – Есіл ауданы, «Жігер» тобы;
4 орын – Көкшетау қаласы, Абай ат. дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандырылған мектеп интернаты, «Саналы қыздар» тобы.
Орыс лигасында:
1 орын – Көкшетау қаласы, «Авангард» тобы;
2 орын – Бурабай ауданы, «Болашак» тобы;
3 орын – Қосшы қаласы, «Железный человек» тобы;
4 орын – Сандықтау ауданы, «Лидер» тобы.
Ағылшын лигасында:
1 орын – Бурабай ауданы, Щучинск қаласының «Білім-инновация» IT лицей-интернаты, «Tetramind» тобы;
2 орын – Бурабай ауданы, «Elite» тобы;
3 орын –Степногорск қаласы, №4 «Болашак» облыстық мамандырылған мектеп-лицей-интернаты, «Debate ladies» тобы;
4 орын – Целиноград ауданы, «Parasat3» тобы.
«Үздік спикер» номинациясына қазақ лигасында Қосшы қаласы «Iq.app» тобының спикері Анарбек Асылай иеленді;
«Үздік спикер» номинациясына орыс лигасында Бурабай ауданы «Болашақ» тобының спикері Естаева Мадина иеленді;
«Үздік спикер» номинациясына ағылшын лигасында Бурабай ауданы «Elite» тобының спикері Ахметжанова Жансая иеленді.
«Үздік төреші» номинациясына қазақ лигасында төреші Минутова Эльнара Есенаманқызы иеленді.
«Үздік төреші» номинациясына орыс лигасында төреші Жеңіс Олжас Ақанұлы иеленді.
«Үздік төреші» номинациясына ағылшын лигасында - төреші Хасан Бауыржан Сәтбайұлы иеленді.
Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталды. Жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушыларға сертификаттар табысталды.