Ақмолалық оқушылар «Ақберен» республикалық өнер байқауында жеңімпаз атанды

Ақмолалық оқушылар «Ақберен» республикалық өнер байқауында жеңімпаз атанды

2024 жылғы 13-15 қараша аралығында Астана қаласындағы № 9 «Зерде» мамандандырылған мектеп базасында 8-11 сынып оқушылары арасында шығармашыл оқушыларға арналған XІ республикалық «Ақберен» өнер байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты: шығармашыл оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.

Байқауға еліміздің әр өңірінен 120-дан астам өнерпаз оқушы қатысты.

Қорытынды кезеңге Ақмола облысынан 6 оқушысы қатысты:

  1. «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша - Изатулла Қорғасбек – Целиноград ауданы, Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
  2. «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Сэрэкболатұлы Сәттібек – Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
  3. «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша Елешұлы Нұрғиса - Бұланды ауданы, Қараөзек ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
  4. «Эссе жазу» номинациясы бойынша Елай Унай - Ерейментау ауданы, Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
  5. «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша Орынбасар Әжігүл - Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
  6. «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша Еркенова Бақытгүл - Бурабай ауданы, Зелёный бор ауылының мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы.

Байқау қорытындысы бойынша

І-дәрежелі дипломмен «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша - Изатулла Қорғасбек марапатталды.

ІІ-дәрежелі дипломмен «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша - Сэрэкболатұлы Сәттібек марапатталды.

Құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!