2024 жылғы 10 – 12 қараша аралығында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» ХХ республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты - балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Байқаудың міндеттері – зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, оқушылардың үздік жетістіктерін бағалау және насихаттау, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту мәселесіне көпшіліктің назарын аудару.
Аталмыш байқауға 211 зерттеу жобасы тапсырылып, оның ішінде 136 зерттеу жобалары сараптамадан өтті. Байқауға 17 ауданнан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан барлығы 156 оқушы қатысты.
2024 жылғы 11 қараша күні байқау қатысушылары Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрында «Байқа, балақай!» спектаклін тамашалады.
Оқушылардың зерттеу жобаларын қорғау 12 секция бойынша өтті. Нақтыласақ, тілдер, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар, технология және өнер, т. б.
Байқаудың қорытындысы бойынша 114 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 21 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 46 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 47 оқушы, грамотамен –18 оқушы марапатталды.
Байқаудың облыстық кезеңінің нәтижесі бойынша І орынды иеленген 21 оқушы байқаудың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!