2024 жылғы 8 қарашада Щучинск қаласындағы орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің базасында Алматы, Абай, Жамбыл, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарының өкілдері қатысқан "Бурабай Қазақстанның інжу маржаны" республикалық ЭкоТурВЕЅТ фестивалі өтті.
Фестивальдің негізгі мақсаты Щучье-Бурабай курорттық аймағын пилоттық жоба ретінде пайдалана отырып, экологиялық туризмді дамыту, халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру және экология және туризм саласындағы ғылыми зерттеулерді қолдау арқылы Қазақстанда тұрақты экологиялық жүйені құру болды.
"Қоршаған орта", "Орман шаруашылығы"бейіні бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктің құрамына кіретін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары қатысты.
Жаратылыстану – ғылыми және гуманитарлық пәндер циклдерін тереңдетіп оқу қажеттіліктерін қозғайтын жобалық жұмыстары бар жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің оқушылары.
Үш секцияның ғылыми және зерттеу жобаларын қорғау қорытындысы бойынша Ақмола облысының білім басқармасынан келесі жүлделер анықталды:
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері: Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі, жетекшісі: Зейнатулин Талғат, студенттері: Құрманғалиев Селим, Смаилов Тагир, Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі, жетекшісі: Тлеугабылова Гүлзина, студенттері: Степаненко Виктория, Хасанов Нұрлыбек; Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі, жетекшісі: Нарбаева Райхан, студент: Фасхутдинова Арианна; Қостанай жоғары политехникалық колледжі, жетекшісі: Щербакова Ирина, студент: Стренин Роман; Щучинск қаласы, П.И.Морозов атындағы №3 мектеп, жетекшісі: Кадей Лейла, 10 сынып оқушысы: Нұржанова Азел; Бурабай ауылы, Сәкен Сейфуллин атындағы ББ КММ, жетекшісі: Батин Абай, студент: Муслимова Камила.
II дәрежелі диплом иегерлері: Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі, Алматы қаласы, жетекшісі: Сюрикпаева Самал, студенттері: Аргутина Весна, Дурова Маргарита; Көкшетау қаласы Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі», жетекшісі: Максютов Руслан, студент: Яблоков Никита; жоғары ветеринарлық медицина және биотехнология колледжі, жетекшісі: Иманкулова Алмагүл, студент: Малютин Кирилл Игоревич; Чаглинка ауылы, жоғары агротехникалық колледжі: Хадамхан Бақытгүл, студент: Смағұл Тынышбек; Бурабай ауылы, Сәкен Сейфуллин атындағы ББ КММ, жетекшісі: Городецкая Лариса, студент: Городецкая Екатерина.
I дәрежелі диплом иегерлері: Щучинск қаласы жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі, жетекшілері: Мырзабаева Мадина, Кусаинова Аяжан, студенттері: Веретенников Константин, Лубенцов Захар; Щучье қаласы Жоғары техникалық колледжі, жетекшісі: Калыкова Шынар, студент: Рашит Айерке; Щучинск қаласы, П.Морозов атындағы №3 мектеп, жетекшісі: Кузнецова Людмила, студент: Артем Круглов.
ГРАН-ПРИ иегерлері:
Есіл агротехникалық колледжі, жетекшісі: Фазилова Орынбасар, студенттері: Цымбалюк Рубина, Мищанкина Милана; Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжі, жетекшісі: Марачевская Евгения, студенттері: Штефанова Камила, Дегтярева Маргарита.
Жүлделі орын алмаған қатысушылар Ақмола облысының білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.
Айта кетейік, бірінші ЭкоТурBest былтыр колледждің 125-жылдығына орай өтті.