Ақмола облысының педагогтары - Республикадағы үздіктердің қатарында

Ақмола облысының педагогтары - Республикадағы үздіктердің қатарында

Қостанайда «Көлік» саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік байқауы аяқталды. Ақмола облысының атынан Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің оқытушысы Олег Потайчук қатысты.

Байқауға еліміздің Алматы қаласы мен 14 өңірінен 15 педагог пен 23 сарапшы қатысты.

Байқау барысында қатысушылар жеті модуль бойынша тапсырмаларды орындады:

1 модуль - кәсіби модульдер бойынша компьютерлік тестілеу;

2 модуль - WorldSkills International стандарттарына сәйкес және СІЅ форматында автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша технологиялық операцияның бағалау парағын жасау.

3 модуль - жеңіл автомобильдің ауыспалы беріліс қорабына техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

4 модуль - жеңіл автомобиль қозғалтқышының ақауларын іздеу екі кезеңнен тұрады: тұтану жүйесін жөндеу; жеңіл автомобиль қозғалтқышының ақауларын іздеу және жою;

5 модуль - жүк көлігінің қозғалтқышын жөндеу;

6 модуль  - жеңіл автомобильдің тежегіш жүйесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

7 модуль - автомобильдің электр жабдықтарының диагностикасы.

Модульдерден өту нәтижесінде Көкше жерінің намысын қорғаған жоғары техникалық колледжінің оқытушысы Олег Потайчук 2 орынға ие болды.

Құттықтаймыз!