4 жасар балғындар Ақмола колледжінде аспазшы мамандығымен танысты

4 жасар балғындар Ақмола колледжінде аспазшы мамандығымен танысты

Сіз Baby skills деген не екенін білесіз бе? Ағылшын тілінен аударсаңыз, «балалық шақ дағдылары» дегенді білдіреді. Бірақ бұл қандай дағдылар және оларды кім дамытады?

Астраханка ауылының агробизнес және сервис колледжінде «Жас аспаз» құзыреттілігі бойынша Baby skills балалар жарысы ұйымдастырылды.

«Бұл балақайларға арналған іс-шара, олар аспаздық әлеміне ойын түрінде еніп, мамандықтың негіздері туралы білімдерін кеңейте алады. Балалар қарапайым рецепттерді үйреніп, әртүрлі тағамдар мен пісіру әдістерімен танысады, сонымен қатар ұсақ моториканы, ұқыптылық пен дәм сезімін дамытады. Сондай - ақ, жас аспаздар ас үйдегі қауіпсіздік ережелеріне үйренеді», - деді колледждің кәсіптік бағдарлау және мансап орталығының жетекшісі Виктория Кун.

Іс - шараның басты мақсаты-кәсіптік бағдар беруді және кәсіпті ерте түсінуді қалыптастыру.

«Іс-шараға 4 жастағы «Алпамыс» балабақшасының 10 тәрбиеленушісі қатысты. Балалар өз бетінше пицца дайындады. Олардың айтуынша, тамақ дайындау процесінен ләззат алды. Орталықтың жоспарына сәйкес осындай кездесулер үнемі өткізіліп тұрады», - деп қосты Виктория Кун.

Іс-шара соңында жас аспазшылар сертификаттар мен көтермелеу сыйлықтарын алды.

Естеріңізге сала кетейік, облыстағы алғашқы осындай чемпионат үш жыл бұрын Красный яр ауылындағы көпсалалы инновациялық колледжде ұйымдастырылған болатын. Сол кезде балабақшалардың 12 тәрбиеленушісі «Жас аспаз» және «Жас агроном» екі құзырет бойынша қатысты.