Ақмолалық оқушылар мектептегі өзін-өзі басқару көшбасшыларының «Әрекет уақыты» Республикалық балалар Құрылтайына қатысты

Ақмолалық оқушылар мектептегі өзін-өзі басқару көшбасшыларының «Әрекет уақыты» Республикалық балалар Құрылтайына қатысты

2024 жылғы 1 және 2 қарашада Астана қаласында Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған балалар-жасөспірімдер қозғалысы көшбасшыларының республикалық балалар құрылтайы өтті. Қазақстанның барлық өңірлерінен келген белсенді балалар, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының 100 өкілі оқушылардың өзін-өзі басқару, көшбасшылық, медиация, журналистика саласындағы білімдерін кеңейту үшін жиналды. Бұл күндері мектеп парламенттерінің президенттері (20), пікірсайысшылар (20), жас құтқарушылар-ТЖ министрлері (20), жер елшілері (20), «журналистер» (20) - жарқын және шығармашылық тұлғалар, кез келген мақсатқа жетуге дайын, балалар көшбасшылығы мен өзін-өзі дамытудың бір бөлігіне айналды.

Ақмола облысынан құрылтайға мектептегі өзін - өзі басқарудың 5 көшбасшысы, сондай-ақ, облыстық форум аясында өткізілген мектеп парламентінің үздік командасына  арналған «Мен -елімнің ертеңімін!» байқауының жеңімпаздары қатысты: мектеп парламентінің президенті Дүйсенбек Ерсайын, Степногорск қаласының Қаныш Сәтбаев атындағы №9 жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы; пікірсайыс қозғалысының спикері – Крупина Элеонора, Ш. Уәлиханов атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы, Төтенше жағдайлар «министрі» - Коротков Владимир, Степногорск қаласының Л.Н. Толстой атындағы №4 мектеп - гимназиясының 11 сынып оқушысы; экология «министрі» - Өмірбек Әмір, Степногорск қаласының Ю. А. Гагарин атындағы №7 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы; мектеп баспасөз қызметінің мүшесі-Гридасова Арина, Степногорск қаласы Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы, сондай – ақ делегация басшысы-Нуркина Нурсулу, Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола Дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығының әдіскері.

Республикалық құрылтай әрбір қатысушы өз дағдыларын көрсете алатын, өз идеяларын білдіре алатын және мектеп парламентінің дамуына үлес қоса алатын эксперименттер үшін бірегей алаңға айналды.

Дарынды жас көшбасшылар іскерлік ойындарға, тренингтерге және кездесулерге қатысты, әртүрлі идеяларды талқылады, тәжірибе алмасты және бір-бірін жаңа жетістіктерге шабыттандырды.

Жас көшбасшылардың республикалық құрылтайының ұйымдастырушыларына атап айтқанда Раиса Петровна мен РҚ БОӘО ұжымына тәжірибе алмасуға, жаңа танысулар мен білім алуға мүмкіндік бергені үшін зор алғысымызды білдіреміз. Құрылтайдың барлық қатысушыларына шығармашылық табыс және өмірдің  барлық игіліктерін тілейміз. Жаңа кездесулерге дейін!