Цифрлық дәуірде ғаламторға сапалы қол жетімділік тек білім беру процесінде ғана емес, жазғы лагерьлерде де маңызды. Бүгінде білім беру ұйымдары озық технологияларды қолданып, оқушыларға оқу мен демалуға жақсы жағдай жасаған.
Жаңалықтардың бірі: шалғай аудандандарға да тұрақты, жылдам әрі жоғары жылдамдықты «Starlink» интернеті енгізілді.
Зеренді ауданының білім бөлімі мектеп жанындағы лагерьлерде балаларды сауықтырып демалдыру үшін «Starlink» жоғары жылдамдықты интернетті қаншалықты тиімді пайдалану керектігін түсіндірді:
«Жоғары жылдамдықты интернеті бар Жазғы мектеп жанындағы лагерьлерде білім беру процесі жаңа деңгейге көтерілді. Оқушыларға оқыту бейнефильмдері мен виртуалды экскурсияларды көрсету үшін интерактивті тақталар пайдаланылды. Интернеттің жоғары жылдамдығының арқасында барлық материалдар тез және кідіріссіз жүктеледі, бұл оқу жүйесін қызықты әрі өнімді етті».
«Starlink» мектеп жанындағы лагерь балаларына көптеген мүмкіндіктер ашты. Балалар мультфильмдерді тамашалаумен қатар онлайн танымдық платформалардың арқасында жануарлар мен түрлі елдер, қалалар туралы білім беру бейнежазбаларын тамашалады. Балалар мұражайларға, кітапханаларға онлайн қатысты. Бұл оқушының көңілін көтеріп қана қоймай, көкжиегін кеңейтіп, қызықты жаңа фактілермен таныстырды. Сондай - ақ, Starlink-ке қосыла отырып, онлайн платформаларда зияткерлік ойындар мен викториналар өткізілді", - деп толықтырды білім бөлімі.
Жазғы демалыс басталғаннан бері облыста 198 мектеп жанындағы алаң ұйымдастырылып, 90 мыңға жуық бала демалды.
Бүгінгі таңда аймақтың барлық мектептері 100% кең жолақты жылдам интернетке қосылған. Оның ішінде 264 мектепте интернет жылдамдығын 150-ден 230 Мбит/сек дейін қамтамасыз ететін «Starlink» спутниктік жабдығы орнатылған.