«Үздік IT Ұстаз» облыстық турнирінің жеңімпазы анықталды

«Үздік IT Ұстаз» облыстық турнирінің жеңімпазы анықталды

2024 жылғы 24 мамыр күні Ақмола облысының жалпы орта білім беретін мектептерінің информатика мұғалімдері үшін «Үздік IT Ұстаз» облыстық турнирінің қорытынды кезеңі өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің басшылығымен "Ақмола облысының білім басқармасы" ММ-мен бірлесіп "Спорттық бағдарламалау жөніндегі Федерация"республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.Турнир бір мезгілде Абай, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Павлодар, Түркістан облыстарында және Шымкент және Алматы қалаларында өтті. Турнирдің негізгі мақсаты-информатика пәні мұғалімдерінің олимпиадалық тапсырмалардағы білімдерін тереңдету және жаңа цифрлық контентті игеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ, мұғалімдердің кәсіби бағдар беру мәселесіне қызығушылығын арттыру.Турнир мұғалімдерді олимпиадаларға қатысу және оқушылардың нәтижелерін жақсарту үшін компьютерлік бағдарламалауды үйренуге ынталандырудың айқын мүмкіндігі болып табылады.Ақмола облысынан екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша қорытынды кезеңге 13 информатика мұғалімі қатысты. Екі сағаттық контест барысында мұғалімдер Codeforces онлайн платформасында 5 тапсырманы орындады. Соңында қатысушылардың нәтижелері автоматты түрде анықталды."Үздік ІТ Ұстаз" турнирінің қорытынды кезеңінің қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды:

✓ «Үздік IT Ұстаз» басты номинациясының иегері - Бейсембаев Арман Сагидуллаевич, информатика пәні мұғалімі "Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласының № 6 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ;

✓ ІІ Дәрежелі диплом - Муташев Елдос Таласевич, информатика пәні мұғалімі, «Ақмола облысы Зеренді ауданы Симферополь ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;

✓ ІІ Дәрежелі диплом - Михалева Елена Валерьевна, информатика пәні мұғалімі, «Ақмола облысы Көкшетау қаласының № 17 мектеп-гимназиясы» КММ;

✓ ІІІ Дәрежелі диплом - Турсынгазыева Асемгуль Даулеткызы, информатика пәні мұғалімі, «Ақмола облысы Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

✓ ІІІ Дәрежелі диплом - Куанышбаева Алия Аскаровна, информатика пәні мұғалімі, «Ақмола облысы Көкшетау қаласының № 17 мектеп-гимназиясы» КММ.

Қатысушыларды Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Балапайқызы Дүйсенова құттықтап, бұл бастаманы іске асыру информатика мұғалімдерін оқушылар арасында IT-салаға қызығушылықты арттыру және дарынды балаларды анықтау есебінен IT-саланы дамытуға ынталандыратынын атап өтті және жеңімпаздарға "Үздік it Ұстаз"облыстық турнирінің дипломдарын табыс етті.