7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиадасының қорытындысы

7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиадасының қорытындысы

2024 жылғы 13-17 мамыр аралығында Астана қаласында 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты - географиялық білім мен дағдылардың, зерттеулер жасау белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын арттыру.

География пәнінен Ұлттық олимпиадаға Ақмола облысынан 2 оқушы қатысты.

7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиаданың қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен Төлегенов Ерсұлтан           - Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы марапатталды.

Грамотамен Домбровский Тимур - Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы-марапатталды.

Шын жүректен құттықтаймыз!!! Табыс және алдағы уақытта жеңістер тілейміз!