Өткен демалыс күндері Көкшетауда 3 рет өткен JasSkills Aqmola 2024 өңірлік чемпионатының жеңімпаздары анықталды. Іс-шара Ақмола облысының білім баскармасының қолдауымен өткізілді. Чемпионатты дайындау және өткізу үйлестірушісі өңірлік білім басқармасының жанындағы «BOLASHAQ SARAIY» болып табылады.
Чемпионаты өткізудің мақсаты - білім алушыларды кәсіптік даярлаудың ерте моделін және негіздерін құру, білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында сараптамалық қоғамдастық пен кәсіптік шеберлік негіздері бойынша жарыстар жүйесін қалыптастыру.
Байқау ІТ бағыттағы, ағаштан көркем ою, зертханалық-химиялық талдау, өсімдік биотехнологиясы және қоршаған ортаны қорғау, барлығы 9 құзыреттілік бойынша 88 оқушы мен 58 сарапшы қатысты.
Нақтыласақ, Ерейментау, Бурабай, Целиноград, Сандықтау, Біржан сал, Аршалы, Ақкөл аудандарының, Степногорск, Қосшы, Көкшетау, «Білім инновация» лицейі, Абай атындағы №3 мектеп интернаты, Жоғары техникалық колледж, Bolashaq saraiy командалары келген.
Жарысқа 12-16 жас білім алушылары қатыса алады.
«JasSkills Aqmola-2024» өңірлік чемпионатында 9 құзыреттілік бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылар:
Мобильді робототехника:
1 орын – Успанәлі Әлінұр, Базаров Нуралы, Bolashaq Saraiy.
2 орын – Полынин Никита, Ақкөл ауданы.
3 орын – Яковлев Эльдар, Кисилев Данил, Степногорск қаласы.
Графикалық дизайн:
1 орын – Сарсекеева Ясмин, Bolashaq Saraiy.
2 орын – Лузин Дмитрий, Степногорск қаласы.
3 орын – Сыздыкова Дильназ, Ерейментау ауданы.
Бизнеске арналған IT шешімдері:
1 орын – Жолдасбеков Жусуп, Қосшы қаласы
2 орын – Нельднер Максим, Сандықтау ауданы
3 орын – Сатыбалды Абилмансур, Bolashaq Saraiy.
Веб-технологиялар:
1 орын – Вакиев Рамиль, Степногорск қаласы.
2 орын – Ерланұлы Ахмет, Қосшы қаласы
3 орын – Третьяков Михаил, Көкшетау қаласы
Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу:
1 орын – Огородников Глеб, Бурабай ауданы
2 орын – Лапа Егор, Степногорск қаласы
3 орын – Макишев Арман, Bolashaq Saraiy
Көркем ағаш ою:
1 орын – Карабалин Мадияр, Bolashaq Saraiy
2 орын – Марат Әбілмансұр, Аршалы ауданы
3 орын – Рыбалкин Дмитрий, Көкшетау қаласы
Зертханалық химиялық талдау:
1 орын – Бекмағамбет Аяулым, Bolashaq saraiy
2 орын – Сагинбаева Адемау, Көкшетау қаласы
3 орын – Нұрмаш Алтын, Bolashaq saraiy
Өсімдік биотехнологиясы:
1 орын – Амангелді Эмир, Көкшетау қаласы
2 орын – Есина Татьяна, Сандықтау ауданы
3 орын –Жанабай Дамир, Ақкөл ауданы
Қоршаған ортаны қорғау:
1 орын – Кашыкова Аруана, Ақкөл ауданы
2 орын – Клушева Нұрсая, Көкшетау қаласы
3 орын – Исмадиева Сабина, Ерейментау ауданы.
Чемпионаттың барлық жүлдегерлеріне «BOLASHAQ SARAIY» атынан 50000, 25000 және 10000 теңге сомасына 1,2 және 3 орынға ақшалай сертификаттар берілді.
Сонымен қатар, демеушілерден де сыйлықтар табысталды. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіне түсуге 1 орынға 50000 тг, 2-орын
25000 тг, 3-орын 10000 сертификаттар беріліп, 4 орынға Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің сыйлық жинағы табысталды.
Чемпионаттың барлық қатысушыларына Көкшетау қаласы жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі, «1с Қазақстан» демеушілерінен сыйлық жиынтықтары (рюкзактар, сымсыз компьютерлік тышқандар, кәдесый өнімдері) сыйға тартылды.
Бес ІТ құзыреттілігінің жеңімпаздарына Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің бас демеушісінен 100000 теңге сомасына ақшалай сертификаттар табысталды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!