Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының қорытындысы

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының қорытындысы

2024 жылғы 24 сәуір күні Uchitelya.kz платформасы арқылы жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасы өтті.

Олимпиада орта буын оқушыларының зияткерлік қызметке және ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде оқушылардың қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру, ерте бейіндеу үшін жағдай жасау, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталандырылған білім алушыларды анықтау мақсатында өткізілді.

Олимпиаданың республикалық «1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» ережесімен өткізілді.

Олимпиада 8 пән бойынша (математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқитын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы) тест жүзінде өтті, сұрақтар 3 деңгейге бөлініп, максималды ұпай саны 50-ге тең болды.

Олимпиадаға жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңінің 17 жеңімпазы қатысты: 5 сынып - 9 оқушы, 6 сынып - 8 оқушы.

«Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Олимпиаданың І-дәрежелі диплом иегері - Астрахан ауданы, Зеленое ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Жулев Никита.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІI-дәрежелі  иегерлері:

  1. Жаратылыстану пәні бойынша Төлебай Іңкәр – Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы, Қостомар ауылының негізгі орта мектебінің 6-сынып оқушысы;
  2. Ағылшын тілі пәні бойынша Қуанышбек Айбике – Көкшетау қаласының № 2 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы;
  3. Ағылшын тілі пәні бойынша Ерназар Ержан – Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылының мектеп - лицейінің 6-сынып оқушысы.
  4. Қазақстан тарихы пәні бойынша Біржан Әбдіқасымхан - Қосшы қаласының мектеп гимназиясының 6-сынып оқушысы;

Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІI-дәрежелі  дипломмен марапатталған оқушылар:

  1. Қазақстан тарихы пәні бойынша Тулебаев Алим – Целиноград ауданы, Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы;
  2. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні бойынша Манарбекова Көркем – Бурабай ауданы, Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы;
  3. Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша Цыцура Ростислав – Бурабай ауданы, Щучинск қаласының № 6 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы.

Грамотамен марапатталған оқушылар:

1.Математика пәні бойынша Ахметов Сардар – Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы;

  1. Математика пәні бойынша Даиров Динали – Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы;
  2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Жантасова Мерей - Бурабай ауданы, Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы;
  3. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні бойынша Аликқызы Аружан - Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы.

Біздің жас олимпиадашыларды шын жүректен құттықтаймыз!!!