АҚМОЛА ПЕДАГОГЫ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚОЛЫНАН МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

АҚМОЛА ПЕДАГОГЫ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚОЛЫНАН МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн  Ақмола облысы Арайлы ауылы орта мектебінің мұғалімі Ирубаева Анастасия Валерьевна «Шапағат» медалімен марапатталды.

Астраханка ауылының тумасы Анастасия Сломинская анасының талабы бойынша мектепте қазақ сыныбында оқыды. 2020 жылы Л. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ филологиясы факультетін қызыл дипломмен бітірді. Кейін Арман есімді жігітке тұрмысқа шығып, қазақ келіні атанды.

Жас педагог Анастасия Валерьевна Целиноград ауданы Арайлы ауылының аралас мектебінде (бұрынғы Максимовка ауылы) қазақ тілі мұғалімі болып жұмыс істейді. Қазақ және орыс сыныптарында сабақ береді. Ұжым мен оқушылар оны қолдап құрметтейді. Анастасия Ирубаева өзі оқушыларға үлгі болып сонымен бірге өзінің оқыту әдістемелерін қолданып оқушыларды мемлекеттік тілді меңгеруге тартады.

Сонымен қатар, жас мұғалім қоғамдық қызметпен айналысады, Целиноград ауданының жас педагогтар одағының төрағасы болып табылады.