Ақмолалық оқушылар жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада өз білімдерін тексерді

Ақмолалық оқушылар жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада өз білімдерін тексерді

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың IV (қорытынды) кезеңі 2024 жылғы 24 сәуір күні Uchitelya.kz платформасында өтті.

Іс-шара Көкшетау қаласының, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернат базасында өтті.

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылығын арттыру, қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынтыландырылған білім алушыларды анықтау.

Қорытынды кезеңіне Ақмола облысынан 17 оқушы қатысты.

Ашықтықты қамтамасыз ету үшін олимпиада онлайн режимде көрсетілді.

Олимпиада жалпы білім беру бағдарламалары негізінде келесі пәндер бойынша өткізілді:

1.Математика;

2.Жаратылыстану;

3.Қазақ тілі мен әдебиеті;

4.Орыс тілі мен әдебиеті;

5.Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі;

6.Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі;

7.Ағылшын тілі;

8.Қазақстан тарихы.

Олимпиада қорытындысы білім басқармасының ресми сайтында жарияланады.