Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында облыстық бейнежазбалар байқауы өтті

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында облыстық бейнежазбалар байқауы өтті

Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының  жұмыс жоспарына сай 2024 жылдың 19 сәуір күні «Мектепке дейінгі білім беру ұйымының шығармашыл психологы» облыстық бейнежазбалар байқауының сараптама комиссиясының отырысы өтті.

Іс - шара кәсіби құзыреттіліктерді оңтайлы меңгергенін көрсететін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дарынды, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог-психологтарын анықтауға ықпал етеді

Байқауға 19 мектепке дейінгі ұйымдарының педагог- психологтары қатысты.

Шығармашылық байқаудың қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды:

1 орын - Орымбетова Куралай Абжаппаровна, Көкшетау қаласының «Қуаныш» бөбекжайы»;

2 орын -Келлер Людмила Федоровна, Сандықтау ауданының Балкашино ауылының «Ер-төстік" бөбекжайы»;

3 орын - Маженова Карина Бактияровна, Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы.