АҚМОЛА ОҚУШЫЛАРЫ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІН ҚАЛАЙ АТАП ӨТЕДІ?

АҚМОЛА ОҚУШЫЛАРЫ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІН ҚАЛАЙ АТАП ӨТЕДІ?

1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтіледі. Ақмола оқушылары бұл күні түрлі челлендждер мен акциялар өткізеді, ата-аналарына, туыстарына, мұғалімдеріне алғыс білдіреді.

Өңірдің барлық білім беру ұйымдарында 1 наурызда «Отаным, саған мың алғыс!» минуттык челледж өткізіледі.

Мектептер мен колледждерде ақпан айының соңынан 1 наурызға дейін «Тарих ғибраты» декадасы мен «Болашаққа бірге!» флешмобы өтуде.

Оқушылар мен студенттер конкурстарға, «Туған жерім-жүрегімде!» сәндік және қолданбалы жұмыстар көрмелеріне қатысады.  Сондай-ақ, барлық жерде ашық кездесулер, дөңгелек үстелдер, диалог алаңдары, педагогтар әулеттеріне, дарынды балаларды тәрбиелеген ата-аналарға, отбасыларға, спортшыларға, сондай-ақ педагогикалық еңбек ардагерлеріне алғыс білдіретін іс-шаралар өтіп, бейнероликтер көрсетіледі.

Педагогтар «Алғыс айту-парызым!» конкурсы аясында оқушылардың шығармаларын қабылдауда.

Сонымен қатар, 1 наурызда «Болашақ сарайы» сарайында «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» диалог алаңы өтеді, оған «Игі істер автобусы» жобасының студенттері қатысады.

Осындай іс-шаралар бүгінде Ақмола облысының мектептерінде, колледждерінде және қосымша білім беру ұйымдарында өтуде.