28-29 ақпанда Ақмола облысының арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарына арналған «Арнайы білім беру ұйымдарының қызметін жетілдіру» атты облыстық семинар өтті.
Семинар бағдарламасы бойынша фокус-топтардағы басшылар мен педагогтар «Педагог белсенділігін реттеу факторы ретінде мотивация», «Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру шарты ретінде қазіргі педагог имиджі», «Педагогтердің даму шарты ретінде HARD және SOFT - дағдыларды интеграциялау», «Педагог қызметіндегі ғылым мен зерттеулер» және т. б. өзекті тақырыптарды талқылады.
№2 және №3 арнайы мектеп-интернаттарының психологтары Еспанова Гүлмира Жәкенқызы және Шайсұлтанова Самал Қабиқызы семинарға қатысушылармен эмоционалды күйіп қалу және психологиялық жеңілдік бойынша тренинг өткізді.
Семинарда кәсіби шеберлік конкурстарының республикалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Көкшетау қаласының №4 арнайы мектеп-интернатының дефектологы Сейлканова Әлия Серікқызы, Көкшетау қаласының №4 арнайы мектеп-интернатының тәрбиешісі Азкенова Әлия Амангелдіқызы, Біржан сал ауданы Степняк қаласының №5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің логопеді, Бибулаева Жанат Тендыковна сөз сөйлеп, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға қатысушыларға құттықтау сөз бен алғыс сөздерімен білім басқармасының басшысы Оразалин Шоқан Жетпісбайұлы және басшының орынбасары Дүйсенова Ботакөз Балапайқызы шықты. Іс-шара сертификаттар мен алғыс хаттарды табыстаумен аяқталды.