ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНДА БІЛІМ БӨЛІМДЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНДА БІЛІМ БӨЛІМДЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

23 ақпан күні Қосшы қаласының мектеп-гимназиясында Ақмола облысы білім басқармасы басшысы Шокан Оразалиннің қатысуымен білім бөлімдері басшыларының кеңесі өтті. Кеңеске басқарма бөлімдерінің басшылары мен Аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының басшысы да қатысты.

Басында қатысушылар мектеп-гимназиясын аралап, оқу-материалдық базасымен танысты. 1500 орындық білім ордасында барлық 54 оқу кабинеттері қажетті компьютерлік жабдықтармен жабдықталған, 360 орындық асхана, 280 орындық акт залы, 2 спорт залы, жаңа модификациялық үлгідегі 4 информатика, 3 химия, 2 физика, 2 биология, 4 технология кабинеті, музыкалық аспаптар кабинеті, буфет, кітапхана, 3 кітап қоймасы бар, сондай-ақ гимназияда (қыш шеберханасы, фотостудия) робототехника, мобилография, жүргізуді виртуалды оқытуға арналған арнайы жабдықталған. Екі жарым мыңға жуық оқушыға 179 мұғалім сабақ береді. Әр түрлі бағыттарда үйірмелер мен секциялар жұмыс жасайды.

Экскурсиядан кейін кеңестің бірінші бөлімінде баяндамалар жасалды. «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндаманы Ақмола облысы бойынша іске асыру  Жол картасы туралы өңірдің білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Ботакөз Балапайқызы айтып берді.

Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Асемгуль Сулейменова тамақтану объектілерінде рұқсат құжаттарының болмауы бойынша баяндады.

Қосымша баяндамашылар - Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Алия Жолдыгулова, Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің басшысының м.а. Сырым Абжиков, Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Шолпан Ахметова, Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің басшы Динара Кенжеболатова, Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Сейфолла Искаков, Жарқайын ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Гульшат Нурпеисова.

Жөндеу жұмыстары, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша Ақмола облысы білім басқармасының оқу-материалдық базасын нығайту және дамыту бөлімінің басшысы Дюсембаев Асет Буркитбаевич түсіндіріп берді.

«Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының «Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу, қажетті оқулықтарды цифрлық форматқа көшіру»  атты 81 тармағын орындау шеңберінде облыс мектептерінде жергілікті желілерді құру туралы Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының басшысы Кадыров Багдат Атыгаевич баяндады.  Қосымша сөз Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Абенова Арай Оралтаевна, Біржан сал атындағы ауданы бойынша білім бөлімінің бас маманы- Сеитова Зиягуль Каирбековнаға берілді.

Одан кейін -«Alaqan Mektep» жобасының өкілдері Исенгазиев Ислам Максутович пен Тулегенов  Аслан Арманович «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын жөніндегі 82-тармағын іске асыру шеңберінде «Alaqan Mektep» ақпараттық жүйесінің тұсаукесерін өткізді. Оқу материалдарына бірден қол жеткізуді, мектеп ғимаратына өтуді қамтамасыз ететін және тамақтану үшін төлем құралы болып табылатын оқушыларға арналған сәйкестендіру карточкалары жүйесін іске қосу жайлы ақпарат берді.

Кездесу соңында делегация танысу мақсатында «SANA jana urpaq ortalygy» - балаларға арналған Қазақстандағы ең ірі көпсалалы қосымша білім беру орталығына барды. Орталық бес негізгі бағытты ұсынады: сәндік-қолданбалы өнер,спорт, музыка және хореография, әлеуметтік ғылымдар, техникалық шығармашылық.