Облыстық байқауда Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы және Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығының үздік оқырманы анықталды

Облыстық байқауда Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы және Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығының үздік оқырманы анықталды

«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы   2024 жылғы 7-9 ақпан аралығында Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңі және 6-11 сынып оқушыларына арналған «Ясауитану-2024» республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Іс-шара қазақ ақындарының рухани мұрасын насихаттауға, өскелең ұрпақтың бойында белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеуге, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

64 оқушы қатысқан «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауы 4 бағыт бойынша өткізілді:

I бағдар – «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген»;

II бағдар – «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы»;

III бағдар - «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен»;

IV бағдар - «Мәшһүр-Жүсіп  шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері».

 «Ясауитану-2023» байқауы екі кезең бойынша өткізілді. Оған 29 оқушы қатысты.

- Бірінші кезеңде хикметтер жатқа оқылды.

- Екінші кезең бойынша қатысушылар Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармаларына, хикметтердегі ұғымдарға, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлерге, Қазақстан тарихына қатысты алдын-ала дайындалған билет сұрақтарына жауап берді.

«Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 11 оқушы, грамотамен – 1 оқушы марапатталды.

Облыстық кезеңінде I орын алған жүлдегерлер республикалық кезеңге жолдама алды.

«Ясауитану-2023» байқаудың қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, грамотамен – 2 оқушы марапатталды.

 Құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!