Ақмолалық оқушылар өз жобаларын «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары байқауында таныстырды

Ақмолалық оқушылар өз жобаларын «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары байқауында таныстырды

Бурабай ауданы, Щучинск қаласындағы «Щучинский» шипажайының базасында 2024 жылғы 30 қаңтар - 1 ақпан аралығында 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» XIX республикалық зерттеу жобалары байқауының қорытынды кезеңінің бірінші легі өткізілді.

Іс-шара балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамытуға, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыруға ықпал етеді.

Ақмола облысының намысын 13 жобамен 16 оқушы қорғады.

1 лек секциялары: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, медицина, психология, экология, технология және өнер.

Байқау қорытындысы бойынша біздің қатысушылар тамаша нәтижелер көрсетті.

І-дәрежелі дипломмен «Технология және өнер» секциясы бойынша Луговской Арсений  - Бурабай ауданы, Щучинск қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы марапатталды.

II-дәрежелі дипломдармен марапатталғандар:

  1. «Орыс тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша Алиева Айару - "Mega intelletctual" жеке меншік мектебінің 4-сынып оқушысы;
  2. «Этномәдениеттану» секциясы бойынша Cәбит Арлан - Көкшетау қаласы, № 14 жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы;
  3. «Этномәдениеттану» секциясы бойынша Меңдағали Мақсат - Көкшетау қаласы, № 14 жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы.

IІI-дәрежелі дипломдармен марапатталғандар:

  1. «Ағылшын тілі» секциясы бойынша Райхан Бейбарыс - Шортанды ауданы, Шортанды кентінің № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
  2. «Тарих, өлкетану» секциясы бойынша Кульбако Даниил - Бурабай ауданы, Щучинск қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы;
  3. «Тарих, өлкетану» секциясы бойынша Кириенко Михаил - Бурабай ауданы, Щучинск қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы;
  4. «Медицина, психология, экология» секциясы бойынша Анесий Айгерім - Шортанды ауданы, Шортанды кентінің № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
  5. «Медицина, психология, экология» секциясы бойынша Жаналы Айсұлтан - Көкшетау қаласы, Сакен Жүнісов атындағы № 18 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы;
  6. «Технология және өнер» секциясы бойынша Алпысбай Ажар - Көкшетау қаласы, №14 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы;
  7. «Технология және өнер» секциясы бойынша Жамантай Кәусәр - Көкшетау қаласы, №14 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы.

Грамотамен марапатталғандар:

  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша Смағұл Аяулым - Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы;

2.«Тарих, өлкетану» секциясы бойынша Иманшапих Олжас - Ерейментау ауданы, Новомарковка ауылының Балабек Жахин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы.

Құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!