Ақмолалық оқушылар X республикалық «Ақберен» өнер байкауының жүлдегерлері қатарында

Ақмолалық оқушылар X республикалық «Ақберен»    өнер байкауының  жүлдегерлері қатарында

Ақтау қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында шығармашыл оқушыларға арналған  X республикалық «Ақберен» өнер республикалық байқаудың қорытынды кезеңі өтті.

Оныншы рет өтіп жатқан байқауға еліміздің әр өңірінен 132 оқушы қатысты.

Байқаудың мақсаты: шығармашыл оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне  қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.

Қорытынды кезеңге Ақмола облысынан 6 оқушысы қатысты:

«Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша Алмас Аяулым –  Есіл ауданы, Есіл қаласы  №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

«Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша Бақытбек Аружан – Шортанды ауданы, Степной ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің  11-сынып оқушысы;

«Эссе жазу» номинациясы бойынша Болатбек Жанбота – Шортанды ауданы, Новокубанка ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

«Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша Нурмуханова Дильназ –  Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының Насыр Смағұлов атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;

«Ақындар айтысы» номинациясы бойынша Сэрэкболатұлы Сәттібек марапатталады – Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің  9-сынып оқушысы;

«Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Дәулетқызы Баян  – Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.       

Байқау қорытындысы бойынша ІІ-дәрежелі дипломмен «Эссе жазу» номинациясы бойынша Шортанды ауданы, Новокубанка ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Болатбек Жанбота марапатталды.

Грамотамен «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша Шортанды ауданы, Степной ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің  11-сынып оқушысы Бақытбек Аружан марапатталды.

Құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!!!