2023 жылдың 24 қарашасы күні Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Салауатты ұрпақ» колледж студенттері арасында облыстық сырттай анимациялық бейнероликтер байқауын өткізді.
Байқауының мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды есірткі, темекі, электронды темекі және т.с.с. зиянды әдеттерден сақтандыру.
Байқау қатысушылары ақпараттық технологияларды практикалық түрде белсенді қолдана отырып, нашақорлықтың, темекі, электронды темекі шегудің алдын алуға бағытталған ақпаратты құрайтын анимациялық бейнероликтерін ұсынды.
Байқауға Ақмола облысының жеті ауданынан және Көкшетау, Степногорск қалаларынан 10 колледж қатысып, барлығы 15 анимациялық бейнеролик қарастырылды.
Қазылар алқасының шешімімен келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:
1 орын: Зимин Артем - Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі, 1 курс;
2 орын: Попков Леонид – Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Аграрлық техникалық колледжі, 1 курс;
2 орын: Бондарь Даниил - Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі, 3 курс;
3 орын: Абилкасимов Ерлан – Целиноград ауданы, Жаңаесіл ауылы, Аграрлық техникалық колледжі, 1курс;
3 орын: Подобедов Данил – Целиноград ауданы, Жаңаесиль ауданы, Аграрлық техникалық колледжі, 1 курс;
Байқау жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтарымен, жүлделі орындарға ие болған қатысушылардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табысталады.