
2023 жылдың 22-23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында «Бояулар құпиясы» Республикалық жас суретшілер байқауы өтті.
Байқауға облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 132 жас суретші 10-17 жас аралығындағы жеңімпаздар келесі жас санаттары бойынша қатысты:
1) 10-13 жас;
2) 14-17 жас.
Ақмола облысының намысын республикалық байқауда облыстық кезеңнің 6 жеңімпазы қорғады.
Байқау «Менің елім – менің жерім» және «Таланттар палитрасы» номинациялары бойынша өткізілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауда әр қатысушыға кескіндеме әлемінде «жұлдыз болуға» мүмкіндік берді. Мұндай байқаулар, әдетте, шеберлікті шыңдау, өздерінің шығармашылық әлеуетін іске асыру және көрсету үшін ең жақсы алаң болып табылады.
Әділ – қазылар алқасының қорытынды шешімі бойынша Ақмола облысынан «Таланттар палитрасы» номинациясында Лопатина Ангелина (Көкшетау қаласы, Балалар көркемсурет мектебі) 3 орын иеленді. Әр қатысушы белсенді қатысқаны үшін сертификатқа ие болды.
Құттықтаймыз!